Жаңалықтар

ЕҢ ҮЗДІК ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ДІКТАНТ ҚОЛДАНБАЛАРЫ, СЫНАҚТАН ӨТКЕН ЖӘНЕ РЕТТЕЛГЕН

Таяу жылдары жасанды интеллект негізіндегі дауыс арқылы мәтін жазу қолданбалары айтарлықтай дамып, дәлдігі мен ыңғайлылығы артты. Жақында TechCrunch сайты мұндай қолданбаларды сынақтан өткізіп, үздіктерін анықтады. Бұл құралдар мәтінді тез әрі дәл жазып, түзетуді азайтуда маңызды рөл атқарып жатыр.

Wispr Flow

Wispr Flow – macOS, Windows және iOS үшін танымал дікнтант қолданбасы, онда жазбаны формалдық деңгейіне қарай баптауға болады. Аппликцияға арнайы сөздерді қосуға, түсіндірмелер енгізуге мүмкіндік бар. Android нұсқасы әзірленіп жатыр. Аппликция аптасына 2000 сөзге дейін тегін үзінді жазып, айына 15 доллардан бастап шексіз жазу опциясын ұсынады.

Willow

Willow – қолмен теруді ұнатпайтындарға арналған қолданба. Ол айтарлықтай жедел мәтін түзетумен бірге, бірнеше сөзден толық сөйлем құра алады. Барлық транскрипциялар құрылғыда сақталады, бұл құпиялылықты қамтамасыз етеді. Айына 2000 сөз тегін жазылады, шексіз жазу 15 доллардан басталады.

Monologue

Monologue қолданбасы транскрипция үшін жасанды интеллект моделін құрылғыға жүктеп, мәліметтерді бұлтқа шығармайды. Аппликцияның жазу тіліне қарай тонын өзгерту мүмкіндігі бар. Айына 1000 сөз тегін транскрипцияланады, жазылым ақысы айына 10 доллар.

Superwhisper

Superwhisper – дыбыстық және бейне файлдардан мәтін шығаруға арналған қосымша. Қолданушы түрлі AI модельдерін таңдап, өзіне ыңғайлы етіп баптай алады. Негізгі қызметтер тегін, бірақ толығырақ функциялар үшін айына 8,49 доллар төлеу керек.

VoiceTypr

VoiceTypr – офлайн режимінде жұмыс істейтін және жазылым жоқ қолданба. 99-дан астам тілге қолдау бар, Mac пен Windows үшін қолжетімді. Ақысыз сынау үш күнді құрайды, толық нұсқасы лицензия сатып алғанда ашылады. Бағасы 35-98 доллар аралығында.

Aqua

Aqua — Windows пен macOS жүйелеріне арналған дыбысты жылдам мәтінге айналдыратын қолданба. Ол сондай-ақ мәтіннің грамматикалық және тыныс белгілерін автоматты түрде түзетеді. Айына 1000 сөз тегін жазылады, ақылы нұсқасы айына 8 доллардан басталады.

Қорытынды

Жасанды интеллект негізіндегі дікнтант қолданбалары аударманы және түзетуді жеңілдетіп, уақыт үнемдеуге септігін тигізеді. Қолданушылар қажеттіліктеріне және құпиялылық талаптарына қарай құралды таңдай алады.

Дереккөз: TechCrunch

Басқа жаңалықтар

Back to top button