ChatGPT-те жарнама көрсетіле бастайды

OpenAI жақын арада ChatGPT ішінде жарнамаларды сынап көруді бастайды. Алғашқы жарнама сынақтары АҚШ-та жүзеге асырылады, кейін жүйе бүкіл әлемге кеңейеді. Жарнамалар чат-боттың жауабының астында жеке және айқын белгіленген түрде көрсетіледі. Мысалы, Нью-Йоркке саяхат жоспарлау туралы сұраған қолданушыға әдеттегідей жауап беріледі, одан кейін аймақтағы қонақүйдің жарнамасы шығып тұрады.
OpenAI басшысы Фиджи Симоменің айтуынша, жарнамалар чат-боттың жауаптарына әсер етпейді және пайдаланушының деректері жарнама берушілерге сатылмайды. Жарнама қолданушылардың жеке мәліметтеріне сүйенбей, әңгіменің тақырыбына сай сәйкес келетін жарнамалармен шектеледі. Сонымен қатар, пайдаланушылар жарнамалық деректерді қолданудан бас тарта алады, ол үшін чат-боттың басқа жекелендіру функциялары тоқтамайды.
Жарнамалар тек тегін және айына 8 доллар тұратын Go жазылымы пайдаланушыларына көрінеді. Ал Plus, Pro және Enterprise жазылым қолданушылары жарнама көрмейді. OpenAI сондай-ақ, денсаулық, психикалық денсаулық, саясат сияқты сезімтал тақырыптардағы әңгімелерде және 18 жасқа толмағандар арасында жарнама көрсетілмейтінін атап өтті.
Алдағы уақытта OpenAI жарнама берушілерге арналған жаңа форматтарды да енгізуді жоспарлап отыр, мысалы, пайдаланушылар жарнамаға қатысты сұрақтар қойып, сатып алу шешімін қабылдауға көмек алады. Бұл өзгеріс компанияның қаржылық тұрғыдан тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.



