Сайт туралы
JITI.kz (Jasandy Intellect Tech Info): Технология тілін қазақша сөйлетеміз
JITI.kz – жасанды интеллект (AI), машиналық оқыту және цифрлық технологиялар әлеміндегі ең өзекті жаңалықтарды қамтитын қазақстандық ақпараттық портал.
Біздің атауымыз «Жіті» сөзінен шыққан. Біз технологиялық прогресті жіті бақылап, оқырманға тек маңызды әрі пайдалы ақпаратты ұсынамыз.
Жобаның авторы Бұл платформа – жасанды интеллект саласындағы сарапшы Аршат Ораздың жеке авторлық жобасы.
Аршат Ораз – AI технологияларын күнделікті өмір мен бизнесте қолдану, процестерді автоматтандыру және цифрлық сауаттылық бойынша танымал маман. Оның мақсаты – әлемдік технологиялық дүмпу кезінде қазақтілді аудиторияны сапалы контентпен қамтамасыз ету.
Біз қалай жұмыс істейміз? JITI.kz – инновацияның нақты көрінісі. Сайттағы жаңалықтар легі автоматтандырылған жүйелер мен жасанды интеллект көмегімен дайындалады. Біз TechCrunch, The Verge, OpenAI секілді әлемдік алпауыттардың ақпаратын жедел өңдеп, қазақ оқырманына ыңғайлы форматта ұсынамыз.
Біздің миссиямыз:
-
Қазақ тіліндегі IT-контент қорын көбейту.
-
Отандық оқырмандардың жасанды интеллект саласындағы сауатын арттыру.
-
Жаңа технологияларды игеруге шабыт беру.
Болашақты бізбен бірге жіті бақылаңыз!