Жаңалықтар

Meta жаңа жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту үшін Meta Compute құрылымын іске қосты

Meta компаниясы өздерінің жасанды интеллект саласындағы мүмкіндіктерін арттыру мақсатында Meta Compute атты жаңа жобаны жариялады. Бұл құрылым компанияның деректер орталықтары мен есептеу қуатын басқаруға жауапты болады.

Meta бас директоры Марк Цукербергтің хабарлауынша, компания биылғы қаржылық жылы осы бағытқа 72 миллиард доллар көлемінде инвестиция құймақ. Meta осы онжылдықта бірнеше ондаған гигаватт есептеу қуатын құруды жоспарлап отыр және болашақта бұл көрсеткіш жүздеген гигаваттқа жетеді деп күтілуде. Бұл инфрақұрылымды құру Meta үшін стратегиялық артықшылық болады.

Жоба жетекшілігіне жаһандық инфрақұрылым және инженерия бөлімдері басшылары — Сантош Джанардан мен Даниэл Гросс тағайындалды. Олар сәйкесінше техникалық архитектураны, бағдарлама өнімділігін және деректер орталықтарын басқарумен айналысады. Сонымен бірге, бұрын АҚШ президентінің кеңесшісі болған Дина Пауэлл МакКормик Meta президенті және вице-төрайімі қызметіне келіп, үкіметтермен және стратегиялық серіктестермен байланыс орнату міндетін атқарады.

Қазіргі уақытта Meta әлем бойынша 30 деректер орталығын басқарады, олардың көбісі АҚШ-та орналасқан. Компания сонымен қатар өз энергодайындықтарын қамтамасыз ету үшін бірнеше ядролық энергия компаниялары — Vistra, TerraPower және Oklo —мен келісімге отырды. Бұл жоба Meta-ның жасанды интеллект саласындағы бәсекелестерімен алға шығуына көмектеседі деп бағаланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button